29.7 C
Turkestan
Сейсенбі / 18 Маусым 2019 / 15 Шәууәл 1440
Таң:
Күн:
Бесін:
Екінті:
Шам:
Құптан:
Сейсенбі / 18 Маусым 2019 / 15 Шәууәл 1440
Yassi.kz – Діни-танымдық порталы
Жаңалықтар Жергілікті ЗЕКЕТ

Ханафи мәзһабының негіздері | Жұма уағызы

 

Мəуліт айы құтты күнге сай келіп əрі Жұма уағызы əдемі тақырыппен сабақталды. Облыстық “Түркістан-Қожа Ахмет Яссауи” орталық мешітінде де “Ханафи мәзһабының негіздері” кеңінен тарқатылды.
Жұмаға жиылған жамағатқа өкіл имам Мұсабек Ақтамберді Ханафи мәзhабын ұстанудың маңыздылығын жəне туралығын насихаттады. Қазіргі таңда “мәзһабсыздық, мәзһабты мойындамау” деген сияқты теріс түсінік кең тарап барады. Жат ағымның жетегінде кеткендер – шалыс басып жүргендерін білмейді. Білсе де міз бақпайды. Мазһабтың ең турасы Ханафи мəзһабы екенін, бас имам баса айтты.
Уағыз соңында Исламның алғашқы дәуірінде мәзһабтардың болмауының себебі, Пайғамбарымыз с.а.с бен сахабаларының көзі тірі кезде дінге, Құран аяттарына, хадистерге қосымша түсінік беру, талқылау, зерттеу қажет етпейтін. Кейінгі дәуірлерде ислам қанат жайып, дінге кірушілер саны көбейген кезде олардың деңгейі Құран мен хадистерді тікелей түсінетіндей дәрежеде болмады, оларға дінді түсіндіруші ғалымдар қажет болды. Мазһаб ол – Ислам ғалымдары Құран мен хадистерге негіздеп қалыптастырған мектеп. Мұсылмандар төрт мазһабтың бірін ұстануы тиіс. Оның ішінде ең абзалы – Имам ағзам Əбу Ханифа мазһабы” деп түсіндірді.

ҚМДБ, Түркістан облысы өкілдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

ЖАНТ: Бесеуін білсеңіз болды…

Yassi.kz

Сіз алған заттың ақшасы…

Yassi.kz

Үйлі-жайлы болды

Yassi.kz

Пікір қалдыру