18.5 C
Turkestan
Сәрсенбі / 20 Наурыз 2019 / 13 Раджаб 1440
Таң:
Күн:
Бесін:
Екінті:
Шам:
Құптан:
Сәрсенбі / 20 Наурыз 2019 / 13 Раджаб 1440
Yassi.kz – Діни-танымдық порталы
Сұрақ - Жауап

Екіжүзді іргеңде жүруі мүмкін….

Бақара сүресінің 204 аяты «أَلَدُّ الْخِصَامِ» «әләддуль-хисам» «дұшпан атаулының ең жаманы» сөзімен кімдерді мақсат етіп тұр? Мұсылмандардың өзінен осындай дұшпан шығуы мүмкін бе?

Мейірімдік пен махаббат тіршіліктің бірінші заңы.

Себебі әлем бір сүйіспеншілікпен жаратылған. Ал, жер сол сүйіспеншіліктің бір жемісі іспетті.

Табиғат тілін дұрыс ұғына білген адам одағы таңғажайып үйлесімділіктен Алла Тағаланың тіршілікке төккен мейрімінің  ғажап көрінісін көре алады. Жыбырлаған жәндіктен бастап, кемел тіршілік иесі адамзатқа дейін осы мейрімділіктен нәр алып өмірлерін жалғастырады. Жаратылысқа сәулесін шашқан бұл мейірімділіктің астында өмір сүріп келе жатқан адамдар да, бір-бірімен қарым-қатынаста осыны басты назарға алуы керек. Алланың кеудесіне сепкен махаббат пен сүйіспеншіліктің тұқымын таба білген адам, айналасындағыларға Жаратушының бір жаратылысы ретінде қарап, оларды жанашырлықпен бауырына басады. Бұл иманды адамның пиғылы.

Ал, иман шуағымен нұрланбаған қараңғы көңілдерді жеккөру, жауыздық, залымдық сынды сезімдері жаулап алады. Олар әлемді қайғының ордасындай көріп, ішіндегілерді бір-біріне дұшпан санайды. Әр жаратылысты бір-біріне жау санағандықтан, өзіне де жоқ жерден әр түрлі қарсыластар тауып алады. Сол себепті өзін әрқашан майдан алаңында жүргендей сезініп, әбден тыныштығы кетеді.

Осылайша иманнан мақұрым адамдар іштеріндегі алаңдау мен қорқыныштың әсерінен өзінен басқа ешкімге сене алмайды. Сол себепті адамдармен қарым-қатынаста шын көңілден шықпаған жасанды әрекеттерге бой алдырып, екіжүзділік жасайды. Іштерінде жауыздық пен алауыздық қайнап тұрса да сезімтал, жанашыр адамдарша көкігенде ауыздарынан бал тамып тұрғандай көрінеді. Өздерінің шыншылдықтарына сендіру үшін сөздеріне Алланы куә қылады. Құран Кәрім бұл сынды мұнафықтар (екіжүзділер)  жайында былай дейді:

[1]وَمِنَ النَّاسِ مَن يُعْجِبُكَ قَوْلُهُ فِي الْحَيَاةِ الدُّنْيَا وَيُشْهِدُ اللَّهَ عَلَىٰ مَا فِي قَلْبِهِ وَهُوَ أَلَدُّ الْخِصَامِ

«(Уа, Мұхаммед!) Адамдар арасында дүние тіршілігіне қатысты айтқан сөздері саған ұнайтын базбіреулер бар. (Алайда ондайлар) жүрегіндегі (жалғанға) Алланы куә қылады (яғни «бір Алла куә, мен мұсылманмын», – деп ант-су ішеді). Шынтуайтында, ол – дұшпан атаулының ең жаманы».

 

Аят соңындағы «أَلَدُّ الْخِصَامِ» «әләддуль-хисам» сөзі көңілінде сүйіспеншіліктің, рақымдылықтың  ұшқыны да байқалмайтын «ең қатыгез» дұшпан деген мағынада. Бұл аят дәл осы сипаттағы барлық мұнафықтарды қамтығанымен тәпсір ғұламалары оның Сақиф тайпасынан шыққан Ахнас ибн Шурайқ себебімен түскен дейді.

 

Бұл мұнафық Пайғамбарымызға (с.а.с) келіп, мұсылман болғанын жария етеді екен. Пайғамбарымызға жылы сөздерін жаудырған Аxнас оның құзырынан шығар-шықпас мұсылмандардың біріне тиесілі шаруашылыққа кіріп, егінін өртеп, малдарын өлтіріп кетеді.

Міне, мұсылмандардың ұсақ-түйек дүниесін де көре алмайтын Аxнас сынды екіжүзділерді Құран «أَلَدُّ الْخِصَامِ» «әләддуль-хисам» сөзімен, яғни ең қатыгез дұшпан деп жеткізуде.

Айтқанымыздай бұл аят мұнафық Ахнәс үшін түскенімен, оның кейіпіндегі барлық екіжүзділерді қамтиды. Құран қияметке дейін түсірілген кітап болғандықтан, бұл аятта сипатталып тұрған екіжүзділер қияметке дейін табылып жатады. Олардың діни түр-тұлғалары да болуы мүмкін. Өздерін мұсылман ретінде қабылдатқаннан кейін, ел арасында тақиясын киіп алып, сақалын сипап отырып, ислам тағылымына қайшы пікірлерін қазақтың мақал мәтелдерінің көмегімен ұлттық нақышта халық санасына балға у қосқандай қылып беріп жатады. Оған мысал: «бұл Құранның қазіргі шіркеудегі інжілден еш айырмашылығы жоқ, жай ғана ертегі» деп, дүйім жұртқа күдік салып жүргендер де кезігуде.

Аталмыш аят бүгінгі «қой терісін жамылған қасқыр» кейіпіндегі кейбір бақытсыз жандарға арналғандай.

 

Еркебұлан Сейітжанұлы – Түркістан облыстық мешітінің наиб-имамы

[1] Бақара сүресі 204

Ұқсас жазбалар

“Хайыр иншалла” сылтаудың бір түрі емес пе?

Yassi.kz

Мұхаррам және Сафар айларында үйленуге болмайды деген рас па?

Yassi.kz

Құранды басыма жастап жатсам не болады?

Yassi.kz

Пікір қалдыру