Жаңалықтар Жергілікті

ЖЫЛЫ БОЛСА ДА…

Күнә көбейген жерде күн райы қырық құбылады. Көбінесе көп нәрсе керісінше болады.

Пайғамбарымыз Мұхаммед-Мұстафа с.а.у сақтандырғандай болып жатыр. Мұның барлығы сол баяғы иман, намаз, ораза, зекет, қажылықтан бейқамдық, адамдар арасындағы қарым-қатынастардың оңбай жатқанынан.

Имансыздық, зина, өсек, өтірік, өсім, ұрлық, жемқорлық, әділетсіздік, ливата, таразыдан кем тарту, кісі ақысын жеу, сараңдық, тәккаппарлық, ысырапгершілік сықылды ауыр күнәлар жайылған жерлерде қар орнына жаңбыр, жаңбыр орнына қар жауатыны хадистерде айтылған. Ал, Алла Тағала қоғам түгел күнәға батқанда, ондай елдердің жер бетінен жойылатынын ескерткен.

Қыстың жылылығынан қорқып жатқандар бар. Көк шығып, талдар гүлдегенде, үсік шалып кетпесе деп тілейді.

Жылы болса да қыстың аты қыс. Тұрмысы төмен отбасыларға отын керек.

Халықты ұмытпайтын имамдар жыл он екі ай қайырымдылық ұйымдастырумен келеді. Байлық та, кедейлік те, сараңдық та, кербездік те қияметтің белгілерінен.

“Көкмардан” мешітінен 6 балалы отбасыға көмір түсірілді. Мешіт молдасы Оразбай Әбдірайымов демеушілерге ризашылығын білдірді.

Алла Тағала баршасына разы Болсын, қайырын Берсін, халықты имандылық пен тақуалыққа Келтірсін!

Отырар аудандық орталық мешіті

Пікір жазу