Жаңалықтар Жергілікті

ЖЫЛДЫҚ ЖИЫН ӨТІП ЖАТЫР

Түркістан облыстық өкілдігінде жылдық жиын басталды. Имамдар ҚМДБ-ның төрт бағыты бойынша есеп береді.

Облыс имамы Мұсабек Ақтамберді аудан имамдарын биыл қызметке жаңадан тағайындалған әріптестерімен таныстырды. Облысқа наиб имам болып Мұхаммеджан Жұмаділлаев пен Абдулкарим Абдукамал тағайындалды.

Сондай-ақ, Мақтаарал ауданының бас имамы Мансұр Аймұхаммедов, Жетісай ауданының бас имамы Жорабай Дулатбаев, Арыс қаласының бас имамы Қажымұқан Қазыбаевтар жалпы ортаға таныстырылды.

Есеп видео, слайд, альбом түрінде қабылданады. Шешілмей жатқан өзекті мәселелерге басымдық беріледі.

Имамдардың жұмысы рейтингтік жүйемен бағаланады. Жыл бойы атқарылған жұмыстарға мониторинг жүргізіледі.

ЖАНТ, зекет, халал даму, пәтуаларды насихаттау, халықтың діни сауалдарына жауап беру бойынша есеп алынады. Мешіттердің жай-күйі мен кадр даярлау, маман тарту сұралады.

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікір жазу