25.4 C
Turkestan
Сейсенбі / 18 Маусым 2019 / 15 Шәууәл 1440
Таң:
Күн:
Бесін:
Екінті:
Шам:
Құптан:
Сейсенбі / 18 Маусым 2019 / 15 Шәууәл 1440
Yassi.kz – Діни-танымдық порталы
Ел іші Жаңалықтар

“Жусан-2” операциясының нәтижесінде 231 адам елге қайтарылды


Ақорда
сайтында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесі жарияланды:

“Менің тапсырмам бойынша 7 және 9 мамыр күндері Сириядан 231 Қазақстан азаматы елге жеткізілді, оның 156-сы балалар, дені мектеп жасына дейінгілер, соның ішінде 18-і – жетім балалар.

Бұл ауқымды гуманитарлық акция – Тұңғыш Президент –Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен биыл қаңтар айында жүргізілген «Жусан» операциясының жалғасы болды.

Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар елімізге қайтарылған азаматтармен оңалту шараларын жүргізді. Оларға медициналық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетілді.

Қазірдің өзінде аталған жұмыстың оң нәтиже беріп отырғаны туралы айтуға болады. Биыл қаңтар айында елге оралған әйелдер бұрынғы радикалдық өмірінен бас тартты, жұмысқа орналасты, туыстарымен қайта байланыс орнатты. Балалары мектепке, балабақшаға барды.

Қақтығыс аймақтарына шыққан Қазақстан азаматтары мұндай ойсыз қадамға террористердің теріс, шын мәнінде, жалған үгіт-насихатының ықпалымен барды. Бүгінде олар жаңа өмір бастау үшін өз еркімен Қазақстанға оралуда. Олардың жасаған қателігі үшін балалары өзге елде қиналып, зардап шекпеуі тиіс.

Қазақстан терроризммен күрес жүргізу, сондай-ақ қиын жағдайда қалған азаматтарына қол ұшын созу міндеттемелерінен бас тартпайды. Гуманитарлық акция жалғаса береді. Біз өз азаматтарымыздың тағдырына ешқашан бей-жай қарамаймыз.

Аталған гуманитарлық операцияға қатысқан Сыртқы істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің  және басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне және шетелдік серіктестерге алғысымды білдіремін”,- делінген.

Видео

Ұқсас жазбалар

ЖАНТ: Бесеуін білсеңіз болды…

Yassi.kz

Сіз алған заттың ақшасы…

Yassi.kz

Үйлі-жайлы болды

Yassi.kz

Пікір қалдыру