Ел іші Жаңалықтар

ЖОЛ БОЙЫНАН САЛЫНАДЫ

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ жаңа дәретханалар салу мәселесі жол бойындағы сервисті дамытудың басты міндеттерінің бірі. Сондықтан, республикалық маңызы бар автожолдар бойында санитарлық-гигиеналық жағынан сын көтермейтін тораптар мәселесін, Қоғам ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің автожол комитетімен бірлесіп шешпек.

Қазіргі таңда республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойында СМУ орнату үшін бірқатар іс-шаралар өткізуде. 2019-2022 жж 304 санитарлық-гигиеналық тораптарды (бұданәрі – СГТ) орнату бағдарламасы жасалды. Жоба бойынша қайта жаңарту жұмыстарымен қамтылған республикалық автожолдарда 109 бірлік СГТ орнату жоспарланған.

Бұл: Щучинск – Зеренді, Қарағанды қ. Айналып өту, Тараз-Шымкент (Түркістан облысы), Нұр-Сұлтан – Павлодар, Бейнеу – Ақжігіт, Жетібай – Жаңаөзен, Петропавловск – Курган, Нұр-Сұлтан қ. айналып өту, Өскемен – Рахман қайнары (Бұқтырма), Ұзынағаш – Отар, Құрты – Бурылбайтал, Қостанай – Қарабұтақ, Қандыағаш – Мақат, Үшарал – Достық, Атырау – Астрахань, Подстепное – Федоровка, Талдықорған – Өскемен, Балқаш – Бурылбайтал, Қалбатау-Майқапшагай, Қарағанды – Балқаш, Құрты – Қапшағай, Меркі – Бурылбайтал автожолдары. Нысандардағы қайта жаңарту жұмыстары толық аяқталған кезде барлық санитарлық-гигиеналық тораптар пайдалануға берілетін болады.

Алдағы 3 жылдың жоспары бойынша Қазақстанның барлық жолдарында 116 бірлік СГТ, пайдалануға берілген және жоспарланған ақылы жолдарда 79 бірлік СГТ орнату көзделген.

ҚР автомобиль жолдарының бойындағы ұсынылған бұл қызмет түрі тұрғылықты халықтың және туристердің көңілінен шығады деп күтілуде.

Қазавтожол_баспасөз_қызметі

Пікір жазу