Жаңалықтар Жергілікті

ЖОЛ АШЫҚ…

Ғылым-білім дамудың кепілі. Білімді адам жерде қалмайды әрі елдің өркендеуіне өз септігін тигізеді.

Қуғын-сүргін кешкен ұлт зиялылары қысқа өмір сүрсе де, елге пайдасын тигізіп кеткен. Тау-кен өндірісінің көзін тауып, негізін қалаған.

Ұлт зиялыларының бәрі де ғалым болған. Бәрінің де қазаққа еңбегі сіңіп, жақсы аты қалған.

Олардың ғылымын әлі күнге пайдаланып келеміз. Өнер-білім бар жұрттар жақсылыққа жетеді.

Білім алушыға Алланың жолы ашық болады. Әрекет еткенге берекет бұйырады.

Ер мен әйелге білім алу – парыз болғандықтан, үлкен-кішінің бәрі білімді болуы тиіс. Мектепке де, университетке де уақыт өткізу үшін барып-келмей, оқу керек.

Жақсы баға мен диплом үшін талпынбай, мықты маман болуға талаптану қажет. Ал, талаптыға нұр жауады.

Заманның нығметтерінің бәрі Алланың қалауы мен ғылымның дамуының жемісі. Талап, еңбек, терең ой, қайрат, жігердің нәтижесі.

Абай ауылындағы 5 орта мектепте “Білімді ұлт – тұрақты даму кепілі” тақырыбында кездесу өтті. Аудан имамы Айдарбек Садықов мектеп оқушыларына білімді болу мен ғылымды игерудің сауабы мен қайыры жайында насихат айтты.

Келес аудандық орталық мешіті

Пікір жазу