Жаңалықтар Жергілікті

ЖЕЗҒАЗҒАННАН ЖЕТІСАЙҒА

Сирия – содырлардың соңғы стансасы. Ол жерге соқыр сенімге еріп, жалған жиһадқа сенгендер барады.

Олардың қатарында жетісайлықтар да жоқ емес. Әйтеуір, біразы “Жусан” операциясының аясында елге қайтарылған еді.

Уланған сана тазарар деген үміт үзілмейді. Десе де сақтық та қорлық болмасы анық.

Сол себепті діни оңалту ісі мен рухани тәрбие күн тәртібінен түспейді. Жұртшылық жаппай діни сауат ашып, бір кісідей ілім игерсе ел мен өзіне игі.

Ал ағымдағылармен лайықты күрес жүргізу үшін үнемі білім жетілдіру керек. Ақида, фикһ екінің бірі меңгеріп, ілімді бола салу мүмкін емес.

Дін ілімі инемен құдық қазғандай терең еңбекті талап етеді. Имамдардың білімін жетілдіру үшін теологтар өз тәжірибесімен бөлісіп тұрады.

Бұл жолы Жезғаннан келген теологтар жетісайлық ЖАНТ мүшелерімен жүздесті. Таңат Тілманбетов пен Нұржан Ботабеков жат ағыммен күрес методологиясын үйретті.

Аудан имамы Жорабай Дулатбаев алыстан арнайы уақыт бөліп келген қонақтарға ризашылығын білдірді. Алдағы уақытта да дін мен дәстүр бағытында семинарлар жалғасатын болады.

Жетісай аудандық орталық мешіті

Пікір жазу