Жаңалықтар Жергілікті

Жетісай: ТАЛАП ЕТІЛДІ…

Жетісай аудандық орталық “Нұғман” мешітінде қала имамдарының мәжілісі өтті. Күн тәртібінде 6 мәселе қаралды.

Оның маңыздысы ЖАНТ пен АТК бойынша жұмыстарды жандандыру жайы. Ағым жақтастары көптеп жиналатын мешіттерде түсіндірме жүргізу жиілейтін болды.

Сондай-ақ, тазалық, әдеп, ашықтық сақтау талқыға түсті. Шәкірттер тәрбиелеу мен жамағатпен қарым-қатынасты нығайту талап етілді.

Жиынға шаһардағы 7 мешіттің имамы, зекет жетекшісі мен бас есепші қатысты. Ауданның бас имамы Бекзат Сыздықов әріптестерге сәттілік тілеп, дінге адал қызмет атқару Алла Тағаланың алдындағы жауапты міндет екенін тағы бір еске салды.

Жетісай аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу