11.9 C
Turkestan
Сәрсенбі / 24 Сәуір 2019 / 19 Шағбан 1440
Таң:
Күн:
Бесін:
Екінті:
Шам:
Құптан:
Сәрсенбі / 24 Сәуір 2019 / 19 Шағбан 1440
Yassi.kz – Діни-танымдық порталы
Жаңалықтар Жергілікті

Жетісай: Ана салиқалы болса…

Надандық дәуірінде қоғамда әйелдер қауымының қадірі жоқ еді. Адам төзгісіз ауыртпалықтарға душар болған. Дүниеге қыз баласын тірідей көміп те тастай берген. Ислам діні келген соң, әйелдердің қоғамдағы орны белгіленді. Алла Тағала Құранда «Ниса» сүресін түсіріп, әйелдерді қиянат қылуға болмайтын, аманат дәрежесіне шейін көтеріп қойды. Пайғамбарымыздың с.а.у  өзі соңғы құтпасында да әйелдерді құрметтеуге шақырған.

Жетісай аудандық «Нұғман» мешітінде «Ана салиқалы болса…» шарасы өтті. Оған Асық ата кенті және Жетісай қаласынан 33 қыз-келіншек қатысты. Аудандық мешіт жанындағы «Қыз-келіншектер» секторының шәкірттеріне «Асыл аналар» кітабы 1 айға оқуға берілген-ді. Енді «Kahoot» бағдарламасы бойынша интеллектуалды сайыс болды.

3 орын иелеріне қаржылай сертификат табысталды. 1- орын: Назира Алмаханова (20,000 тг), 2- орын: Қымбат Ниязбекова (15,000 тг), 3- орын: Сайда Айдар (10,000 тг) ханымдарға бұйырды. Ал, қалған қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары берілді.

Негізгі мақсат: қыз- келіншектердің білімдерін шыңдау және кітапқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Сайыс соңынан көрермендерге арналып ұйымдастырылған рухани кеште ертелі-кеш теледидардан сериал тамашалап, ғаламтордың шырмауынан шыға алмай жүрген әйелдерге насихат айтылды.

Қыз баласының тәрбиесі жайлы да сөз қозғалды. Оң босағада отырып некесіз бала туып, одан қалса мектеп жасында түсік тастап жүрген қыздары үшін ата-анасының жауапты болатыны ескертілді.

Айша бибі анамыз: «Шашқа күн тигені, кіндікке кір түскені» деп өсиет еткен. Осыған құлақ асып ниет білдірген 5 келіншекке орамал тарту үлгісі үйретіліп, алғашқы жаулықтары мешіт тарапынан сыйға берілді.

Сондай-ақ, көрермендерге викториналық сұрақ-жауап ойыны ойнатылып, 15 сыйлық таратылды.

Жиын соңында бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен ақ жаулықты апалар жастарға батасын берді.

 

 

Жетісай аудандық «Нұғман» мешітінің баспасөз қызметі

 

Ұқсас жазбалар

Талапқа сай…

Yassi.kz

Көк кілемде…

Yassi.kz

Жаңбыр – жердің шегесі…

Yassi.kz

Пікір қалдыру