Жаңалықтар Жергілікті

Жетімдердің көңілін көтерді

Алла Тағала қасиетті Құранда асырай алмай қалудан қорқып, балаларды өлтіруден именуге бұйырған. Түсік тастаған не, туып тастаған не екеуі де бірінен-бірі өткен ауыр күнə.

Қоғамда жетім мен жесірлердің бары имандылықтан алыстықтан. Дінге берік бабаларымыз жетімін де, жесірін де сыртқа жібермеген. Ал, бүгінде туған баласын далаға тастап кететін тасбауырлар көбейді.

Жерде жетім жыласа, көк күңіренеді. Бір тəуірі жетімдерді жарылқаудың мол сауабын білетін жандар асырап та алып жатыр.

Төлеби ауданы 1-Мамыр елді-мекеніндегі балалар үйіне “Нұр” мешітінің қыз-келіншектер бөлімінің шəкірттері барды. Құр алақан бармай, базарлық жеткізіп берді.

Балаларға арнап дастархан жайып, киім-кешек, азық-түлік пен ойыншықтар тарту етті. Шəкірт апалар балаларға ғибратты əңгімелер айтып, қам көңілдерін бір сергітіп қайтты.

Төлеби аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу