25.2 C
Turkestan
Сенбі / 25 Мамыр 2019 / 20 Рамазан 1440
Таң:
Күн:
Бесін:
Екінті:
Шам:
Құптан:
Сенбі / 25 Мамыр 2019 / 20 Рамазан 1440
Yassi.kz – Діни-танымдық порталы
Жаңалықтар Жергілікті

Жемқорлық ауыр күнә…

Жемқорлық есебі ауыр күнә. Қиямет тұрмақ, осы дүниеде арам табыстан жеген ішіп-жеген ас қарынға тозақтың шоғы боп түседі дейді, шариғатта.

Сондықтан құлқынның құлы болғаннан, Құдайдың құлы болған екі дүниеміз үшін жақсы. Парақорлардың тағдырына қарап-ақ, түбі қорлық екенін ұғып, жемқорлықтан аяқ тартқаны жөн.

Алла Тағаланың тиымдарын Шардара ауданының бас имамы Асылхан Данияров пен Ақалтын ауылдық мешітінің имамы Ербол Жүсіпәлиев баяндады. Айтылмыш ауылдық әкімдігінде мемлекеттік қызметкерлері мен тұрғындары, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Арапбек Әлібеков, қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Қыстау Ілесов те қатысты.

Жиын “Сыбайлас жемқорлықты жалпыға ортақ қабылдамауды қалыптастырудағы руханилық пен адамгершілік” тақырыбында өтті. Бұл мемлекеттік бастама.

Шардара аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

Мешіт салына бастады

Yassi.kz

Насихатқа құлақ асып…

Yassi.kz

Тектілікке де тәжірибе керек

Yassi.kz

Пікір қалдыру