Жаңалықтар Жергілікті

ЖАСТАР ЖӘНЕ ЖАМАҒАТ…

Алла Тағала қасиетті Құранда:«Жақсы көрген нәрселеріңді Алла жолында жұмсамайынша жақсылыққа қол жеткізе алмайсыңдар. Не жұмсасаңдар да Алла оны сөзсіз біліп тұрады»- деген. Көпшілік дүние-мүлік пен ақшаны жақсы көреді.

Құранда мұсылмандарға сараңдықтан сақтану ескертілген. Пайғамбарымыз Мұхаммед-Мұстафа с.а.у садақа, жақсылықтың адамдардың барлық бәлекет, кесір-кесапаттан аман сақтануына сеп болатынын айтқан.

Шүкіршілік, қазір сауапты іске бет бұрып келе жатқан жастар баршылық. Олар мәнсіз тойлардан бас тартып, қайырымдылық шараларына атсалысып келеді.

Көлтоған ауылының жастары мен “Қырық шілтен” мешітінің жамағаты бірігіп жоқ-жітіктерге жақсылық жасады. 50 отбасыға ұн, күріш, макарон, бұршақ, май үлестірді.

Садақаның сауабын ауру-сырқаудан сақтануға бағыштады. Алла Тағала қайырымдылықтарын қабыл Етсін!

Ордабасы аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу