29 C
Turkestan
Сейсенбі / 20 Тамыз 2019 / 19 Зул-Хиджа 1440
Таң:
Күн:
Бесін:
Екінті:
Шам:
Құптан:
Сейсенбі / 20 Тамыз 2019 / 19 Зул-Хиджа 1440
Yassi.kz – Діни-танымдық порталы
Жаңалықтар Жергілікті

Жарты жылда…

Қазығұрттың орталық мешітінде аудан имамдарының Рамазан айында атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды. Екінші жартыжылдыққа арналған жоспар бекітілді.

ҚМДБ-ның төрт бағыты бойынша жұмысты жандандыру, округ имамдары арасында әріптестікті нығайту, көшпелі мәжіліс өткізу, тәжірибе алмасу жүзе асырылмақшы. 49 мешіттің құжаттарын тіркеу, кемшіліктерді реттеу іс-басқарушы Балабек Жұмағұловқа, ДСАК ісі Дінмұхаммед Ордабековке, жат ағымдар бойынша Мырзағали Исхақовқа жүктелді. Әр ай сайын жауапты имамдар есеп беретін болады.

Сондай-ақ, қазығұрттық имамдар Отырар, Түркістан қалаларындағы тарихи орындарға зиярат етіп, Елордасына саяхаттамақ ниетте. Жиын соңында имамдар ел бірлігі мен жұрт тыныштығы үшін дұға етіп тарқасты.

Қазығұрт аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

ӨТІНІШІ ОРЫНДАЛДЫ

Yassi.kz

ҚҰРАН БҰЛБҰЛДАРЫ…

Yassi.kz

ЖАНТ: ЕКПЕГЕ РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН

Yassi.kz

Пікір қалдыру