30.9 C
Turkestan
Сәрсенбі / 18 Қыркүйек 2019 / 19 Muharram 1441
Таң:
Күн:
Бесін:
Екінті:
Шам:
Құптан:
Сәрсенбі / 18 Қыркүйек 2019 / 19 Muharram 1441
Yassi.kz – Діни-танымдық порталы
Жаңалықтар Жергілікті

ЖАНТ: Құлақтарына құйып кетті…

Майқы би бабамыз заман ақыры алдында кекірейген ұл, бедірейген қыз көп болатынын айтып кеткен. Сондай ұрпақ көбейді, бүгінде. Бұған “ұят болады” деген ұғыммен талай буынды өсірген ұлттық тәрбиенің ұмыт қалуы “себеп”.

“Ә” десе, “мә” дегізіп жауап қайтаруға үйрететін, менмен ата-аналарды көзіміз көріп жүр. Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет сақтаудан қалып барамыз.

Әгәраки, Абай хакім айтқандай өзімізді өзіміз тәртіпке салып бақпасақ, заманның ақырына таядық дей берелік. Өйткені, Алла Тағала адами қасиеттерден ауытқыған талай қауымды жер бетінен жоқ қылып жіберген. Осыны ескерсек игі еді.

Жетісай ауданында ЖАНТ жұмысы жанданып, ұрпақ тәрбиесіне басымдық берілді. Осы мақсатта Амангелді мектебінде ауыл молдасы Мұхамеджан Хадыршаев оқушыларға жасы үлкенді сыйлаудың сыйын, құрметсіздіктің алдына қайтып келер зиянын айтты.

Жылы су ауылдық мектебінде ұстазды сыйлау – өмір бойғы бір міндет екені айтылды. Оқушылармен жүздескен “Сағындық ата” мешітінің молдасы Егемберді Биболов Пайғамбарымыз с.а.у мен даламыздан шыққан ұлы ғұлама-ғалымдардың ұлағатты ұстаздарды құрметтеу өнегесін әңгімелеп берді.

Байқоныс елді-мекені М.Әуезов атындағы мектепте де имаммен кездесу өтті. “Сәрсенбай ата” мешітінің молдасы Әбдісаттар Құралұлы дәстүрлі діннен жаңылмау үшін әдет-ғұрыпты теріске шығармауға шақырды.

Қазыбек би ауылы Түркістан орта мектебінде суицидтің алдын алу тақырыбында насихат айтылды. Ауыл имамы Мұсабек Бименов оқушыларды болмашы сынаққа жығылып қалмай, жігерлі болуға шақырды. Өз-өзіне қол жұмсау – ауыр күнә екенін ескертті.

Ал, “Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында” “Нұр-Жетісай” мешітінің имамы Абдурахман Нұрматов дін тәрбиенің рухани тірегі төңірегінде балалармен сұхбаттасты. Иманды бабаларымыздың ұлы даланың даралары мен даналары боп өткенін айтып, жас ұрпақты ізгілікке шақырды.


Жамбыл ауылдық мектебінде “Абылбек-Әділхан” мешітінің имамы Музаффар Бердиев деструктивті ағымдардан сақтанудың жолдарын айтты. Оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, алдағы демалыста пайдалы іспен айналысудың сауабын құлақтарына құйып кетті.

Жетісай аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

ЕҢБЕГІН АЯМАЙДЫ

Yassi.kz

ЖАНТ: ОҚЫМАҒАН, ОҚЫМАЙДЫ

Yassi.kz

ЖОЛДАСТЫҚ ҮШІН…

Yassi.kz

Пікір қалдыру