Жаңалықтар Жергілікті

ЖАНТ: ТІЛДЕ БАР ДА, ДІЛДЕ ЖОҚ…

Батыр Махамбет Өтемісұлының “Мұсылманшылық кімде жоқ, тілде бар да, ділде жоқ” деген нақылы әлі күнге өзектілігін жоймаған. Ақын бұл сөзімен адамның бәрінің өмірге иманды боп келетінін, өскен соң бірі кәпір, бірі мұсылман боп кететінін меңзеген.

Өйткені, Алла Тағала балаларды иманды қылып жаратады. Ал, олардың шын мұсылман болу-болмауы ата-анасына байланысты.

Яки, ұл мен қыздың тілін кәлимаға сындырып, имандылыққа келтіру ата-ананың ісі. Алайда, әжептәуір жасқа жетсе де кәлимасын айтпағандар өте көп.

Жалпы дінді ұстанатын ел ретінде өзімізді мұсылман санайтынымыз рас. Ақиқатына келсек, ол мұсылманшылық Махамбет ақын айтқандай “тілде бар” бірақ, жүректе жоқ.

Жүрек – иманның ұясы. “Ләә иләһа илла Алла, Мухаммадан РасулАлла” деп Алла Тағаланың барлығы мен бірлігін мойындап, Раббымыз деп танысақ, иман келтірген мұсылман боламыз.

Сондықтан мұны естіген балалар ата-аналарына ескертсе игі. Бәріміз шын мұсылман болуға амал қылсақ, бабаларымыздың батасындағыдай екі дүниеміз абат болар еді.

Жетісайдағы медицина колледждерінде “Дін және жастар” тақырыбында кездесулер өтті. “Өткелбай” мешітінің имамы Ибадулла Байжанов дін тануды Аллаға иман келтіруден бастау керектігін айтты.

Студенттермен сұхбатқа аудандық Дін мәселелерін зерттеу орталығы мен қоғамдық келісім бөлімінің мамандары да қатысты. Ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз.

Жетісай аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу