25.4 C
Turkestan
Сейсенбі / 18 Маусым 2019 / 15 Шәууәл 1440
Таң:
Күн:
Бесін:
Екінті:
Шам:
Құптан:
Сейсенбі / 18 Маусым 2019 / 15 Шәууәл 1440
Yassi.kz – Діни-танымдық порталы
Жаңалықтар Жергілікті

ЖАНТ: Сақтандыру шаралары жүргізілуде

Бәйдібекте аудан имамы мен Жастар ресурстық орталығының бастамасымен мектептерде теріс ағымдардан сақтандыру шаралары жүргізілді. Ұлықбек Әлиакбарұлы жоғары сынып оқушыларымен сұхбаттасып, пікірлерін тыңдады.

Осы мақсатта Шаян ауылындағы М.Әуезов мектебінде екі мәрте кездесу өтті. Жасөспірімдерге жат ағымдардан қалай сақтану керектігін айтты.

Сондай-ақ, діни тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында мұғалімдердің де біліктілігін арттыру жоспары жүзеге асырылуда. Оқушылар мен оқытушыларға радикалданудың алғашқы белгілері таныстырылып, зардаптары ескертіліп жатыр.

Деструктивті ағымдардан сақтандыру және жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алуға арналған семинар Күлтөбе ауылдық мектебінде де өтті. Оған Ішкі саясат бөлімінің бас маманы Сағат Иманбеков, ІІБ криминалды полиция бөлімінің бастығы Нұрымжан Ережепов қатысты.

Бәйдібек аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

ЖАНТ: Бесеуін білсеңіз болды…

Yassi.kz

Сіз алған заттың ақшасы…

Yassi.kz

Үйлі-жайлы болды

Yassi.kz

Пікір қалдыру