Жаңалықтар Жергілікті

ЖАНТ: РИЗЫҚ СҰРАУДАН ДА МАҢЫЗДЫ…

Әлем ұстазы атанған Әбу Насыр Әл-Фараби де, бетіндегі ұлт зиялылары да білімнен бұрын тәрбиені алға тартып кеткен. Қазақ тектен-текке әдептіні – арлыға, әдепсізді – сорлыға теңемесе керек.

Пайғамбарымыз Мұхаммед-Мұстафаның с.а.у күйеу баласы, ең сенімді дос, сахабалардың бірі Хазіреті Әли р.а: “Егер әдептің қаншалықты құнды екенін білсеңіздер, Алла Тағаладан ризық емес, алдымен әдепті сұрар едіңіздер”,- деген. Әдептілік – адами қасиеттердің эталоны.

Себебі, көркем мінез – жәннаттың кепілі. Әдеп болмаған жерде, мәдениеттілік те көрініс таппайды.

Әдеп ұғымы тәрбие мен тәртіпті түгел қамтиды. Бауыржан Момышұлы тәртіпсіз елдің, тәртіпке бағынғанның құл болмайтынын айтып кеткен.

“Шолаққорған” орталық мешітінде ауданның наиб имамы Мейрамбек Абдіқұлов осы тақырыпта насихат айтты. Жамағатқа бетегеден биік, жусаннан аласалықты ұстанудың маңыздылығын тарқатты.

Созақ аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу