Жаңалықтар Жергілікті

ЖАНТ: ӘЙЕЛ МЕН БАЛАНЫ ҰРМАҢЫЗ!

Қазақстанда жыл сайын 400-дей әйел отбасылық жанжалдан ажал құшады. Зорлық-зомбылықтың бұл түрі азаймай тұр.

2018 жылы 103,7% өсіп кеткен. Ал, ағымдағы жылы 8 мың іс тіркеліп, 2800 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған, қалғандары мәмілеге келумен жазадан құтылып кеткен.

Қоғам отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсылық танытқанымен, кінәліні жазалауды жөн көреді. Әдетте жай бір атым насыбайдан қалатын қам көңіл, тоқпақ-таяқтан кейін жазылмас жараға айналады.

Өмір бойы таяқ жеп келе жатқан қазақтың келіншектері бар. Олардың теперіші тағдырдан емес, күйеулерінің жауапсыздығы мен надандығынан дейді.

Алла Тағала әйелді де, бала-шағаны да ер қолына аманат етіп берген. Отбасын асырау, бейбіт мәміледе болу – азаматтардың міндеті.

Тіпті ажырасқан жағдайда да өз перзенттері мен олардың анасына қарайласып тұруы тиіс. Шариғат та, заң да осыған міндеттеген.

Пайғамбарымыз Мұхаммед-Мұстафа с.а.у әйелді де, балаларды ұрып-соғуға қатаң тиым салған. Қияметте жанұясына әділдік қыла алмаған еркектер жартыөлік боп тірілетіні дінде ескертілген.

Кей Пайғамбарлардың әйелдері дінсіз болса да, сынаққа сабыр еткен. Ұр да жықпен тәрбиелеу барып тұрған тәртіпсіздің тірлігі. Күнәңіз көбейген сайын, тіршілігіңіз қиындай түсетінін ұмытпаңыз.

Қожа Ахмет Яссауи атындағы ХҚТУ кітапхана залында зорлық-зомбылықсыз отбасы тақырыбында кездесу өтті. Белгілі жазушы Мархабат Байғұт, өкіл имам Мұсабек Ақтамберді студенттермен сұхбаттасты.

Басқосуға “Өркен” ұйымының жетекшісі Баян Жолдасова ұйытқы болды. Облыс имамы Мұсабек Ақтамберді шариғат тұрғысынан отбасы құндылықтарын сақтау шарттарын насихаттады.

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікір жазу