Жаңалықтар Жергілікті

ЖАНТ: Ізгі жол жоқ…

Адам баласы үшін имандылықтан ізгі жол жоқ. Ата-аналар осыны түсініп, балаларын жетелесе игі еді.

Бейбіт күнде бүлік шығарып жүргендердің кесірінен “дін” десе үрке қарайтын жағдайға жеткеніміз рас. Бірақ қоғамда сондай адамдардың пайда болуы және көбеюі дәстүрлі дінді танымағандықтың салдарынан емес пе?

Ұлттық тәрбие имандылықпен ұштасып жатыр. Молданың алдын көрген ұлт зиялыларының бәрі ақтық демі шыққанша, Отанға адал қызмет етіп өтті.

Ұлт болашағы – иманды ұрпақ. Түркістан қаласында Расул Изетов атындағы мектеп оқушыларымен осы тақырыпта кездесу өтті. “Әл-Кәусар” мешітінің имамы Табын Мұхамедсали ізгілік жайлы насихат айтты.

Түркістан қалалық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу