18.5 C
Turkestan
Сәрсенбі / 20 Наурыз 2019 / 13 Раджаб 1440
Таң:
Күн:
Бесін:
Екінті:
Шам:
Құптан:
Сәрсенбі / 20 Наурыз 2019 / 13 Раджаб 1440
Yassi.kz – Діни-танымдық порталы
Жаңалықтар Жергілікті

ЖАНТ: Иманды ұрпақ – ата-ананың бағы!

Ұрпақты иманды етіп тəрбиелеу – əр ата-аның парызы əрі бағы. Имандылық – жас санаға Алла ризашылығы үшін жаман əдеттен аулақ боп, əдептілікті үйретеді.

Дана халқымыз ақылды бала тəрбиелеу үшін ата-анаға көп нақыл қалдырған. Ол тəрбиенің тамыры имандылықтан тарайды.

Алайда, қазір ешқашандай тəлімді де бере алмай жүрген ата-аналар баршылық. Салдарынан балалар арасында бұзақылық белең алды.

Бұл қоғамда алаңдаушылық тудырып отыр. Ұстаздарға ысыра салмай, ата-аналардың жауапкершілігін күшейту керек.

Шардара қаласы əкімінің қатысуымен өткен ата-аналар жиналысында осы мәселелер сөз болды. Иманды ұрпақ – ұлтты ұялтпайтын болашағы болатынын Ардагер кеңесінің төрағасы айтты.

Ауданның Бас имамы Асылхан Данияров ата-аналарға балаларына бір мезгіл көңіл бөліп, имамдарға ертіп апарып отбасы, тəрбие тұрғысынан имандылық сабақтарына қатыстыруға кеңес берді. Ұр да жықпен өскен бала төбелеске бейім болады. Ал, насихатпен өскен перзент тек жақсылықты бойына сіңіреді. Өйткені адамды орта тәрбиелейді.

Шардара аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

Бейбітшілікті бағалай білейік!

Yassi.kz

Ұлыстың татутылықты арттыратын ұлы күні!

Yassi.kz

Ауданаралық Құран жарысы өтті

Yassi.kz

Пікір қалдыру