Жаңалықтар Жергілікті

ЖАНТ: ЕМІ ЖОҚ АУРУҒА ШАЛДЫҒАДЫ

Өсім, пара, арам табыс тек күнә боп жазылып қалмайды, денсаулыққа да зиянды. Небір байлар ақшасына не бостандық, не денсаулық сатып ала алмай жүр.

Дәулеті бар, бірақ дертінің емі жоқ. Басына іс түссе, ақшасына азаттық та бұйырмайды.

Ол адамға диагноз қоюдың өзі артық. Ішкені арам болса, жегені желімге айналмай қайтеді?

Тозақта қарны ісініп, ықылық атып бір адам жатады. Ол кезінде өсімқор, парақор, арам табысты болған жан екен.

Бұд дүниеде де ондайлар тозақтың шоғын көтеріп жүреді дейді, шариғатта. Оларда асқазан жарасы пайда болып, ақыры обырға айналып кеткендері бар.

Жан алқымға таянғанда “молдеке дем салып беріңізші” деп келеді. Жаратқан Жаббар Иеміздің жазасынан құтылудың жолы – тәубе ету, адал кәсіпке көшу, барға қанағат қылу.

Қазығұрт аудандық мәслихаты, Соты, ІІБ, ТЖБ, ХҚКО, медицина мекемелері, мектептер мен кәсіпкерлік бөлімдерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы насихат жұмыстары жүргізілді. ЖАНТ мүшесі Еркін Полатов екінші топ құрамында болды.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің ізгілікке шақырды. Парақорлықтың кешірілмес күнә екенін ескертілді.

Қазығұрт аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу