Жаңалықтар Жергілікті

ЖАНТ: ЕЛГЕ ТӨНГЕН ҚАУІП…

Сенімнен жаңылысу ақтауға жатпайтын адасудан емес. Санаға сіңіп қалған ұстанымды шаю оңай болмайды.

Елдегі сәләфи-вахабистерден секем алып қалған бұқара Сириядан оралғандарды “бауырым” деп жаппай қабылдай алмай жатыр. Бұл радикалдарға деген өкпені өршіте түсуде.

Жаманнан жиренген жұртты жақсыдан үйренуге мешіттерге шақырамыз. Діннен бүліну және бөліну барлық күнәдан ауыр.

Себебі, ол адам өзінің адасқанымен қоймай, өзгелерді де жаңылыстырып жақтасы етіп алады. Сөйтіп біреу үшін де қияметте жауапқа тартылады.

Кім өзінің дін бауырын “кәпір” десе, сол оңбайды. Алла Тағаланың алдында оның кәпір екенін дәлелдеп беруі керек болады.

Білім иелері бар бола тұра, білімсізден ілім алу – надандық. Пасықтардан қашық жүру керек.

“Ләә иләһа илла Алла” деп Хақ Тағаланың барын мойындаған жанның бәрі мұсылман. Ал, кәлимасын айтып алып, ораза, намазды орындамаса, күнәһар мұсылман боп жүре береді.

Демек, ешкім-ешкімді намаз оқымағандығы үшін ешқашан діннен шығара алмайды. Өкінішке қарай, қазір намаз оқымайтын әйелдерін “дінсіз” деп тәрк етіп жатқандар бар.

Созақ ауданының бас имамы Ішкі саясат теологымен бірге Шу ауылына барды. Жергілікті әкімдік пен А.Құнанбаев, Ж.Қаламбаев мектерінде кездесулер өткізілді.

Мейрамбек Абдіқұлов оқушыларға әдеп, имандылық жайында насихат айтты. Жұртшылықты жат ағымдардан сақтандырып қайтты.

Созақ аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу