Жаңалықтар Жергілікті

ЖАНТ: ЕКПЕГЕ РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН

Екпеден бас тартушылар әлі де бар. Деструктивтік ағым жақтаушылары бұл дауды тудырып келе жатқан.

Радикалды ұстанымды ата-аналар өздерінің екпеден еш зиян шекпей-ақ өскендерін елемейді. Енді вакцина арам бола қалыпты.

Бұл да бүліктің бір түрі екенін ескертеміз. Алла Тағала бүлікшілерді ұнатпайды.

Ордабасы аудандық орталық емханасында жергілікті ЖАНТ мүшесі Нұржан Шалхаров денсаулық – Алланың аманаты, оған қиянат қылмау турасында насихат айтты. Екпенің жазылмас дерттерден сақтануға сеп болатынын түсіндірді.

Ордабасы аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу