42.3 C
Turkestan
Жексенбі / 21 Шілде 2019 / 18 Зул-Қағда 1440
Таң:
Күн:
Бесін:
Екінті:
Шам:
Құптан:
Жексенбі / 21 Шілде 2019 / 18 Зул-Қағда 1440
Yassi.kz – Діни-танымдық порталы
Жаңалықтар Жергілікті

ЖАНТ: Дəстүрді жоққа шығарып, босқа даурықпайық…

Сынаққа сылтау іздейтіндерге себеп табыла қалады. “Бəле іздеген, бəлеге жолығар” деген екен, дана халқымыз.

Көктем кіргеннен адалды да харамға теңестіріп шыға келетіндер табыла қалады. Жеті түрлі дəн мен ағарғаннан əзірленген Наурыз көженің несі харам? “Ақ мол болсын, Қораң толы қой болсын!”- деген жақсы тілектің несі жаман?

“Амал күнін” атап өтіп, сағынысып-көрісіп, татулықты арттырудың несі айып? Сірə, сенімнен адасқандарға тыныштық жақпай, бас араздық пен дүрдараздық сүйеді-ау!
Жат ағымның жетпегіне кетпес үшін жамағатқа осындай ой тасталды. Созақ аудандық орталық мешітінің наиб имамы Мейрамбек Əбдіқұлов дəстүрді жоққа шығарып, босқа даурықпауға кеңес берді.

Дін шариғатқа қайшылығы жоқ əдет-ғұрыпқа қарсы емес. Сондықтан да дəстүрлі дін деп айтатынымыз. Алла Тағаланың Құрандағы бөлінуге қатысты қатаң ескертулерін жамағаттың есіне тағы бір салды.

Дəріс соңында көпшілікпен еліміз бен дінімізге қуат тіледі. Амал күнімен құттықтап, көрісіп тарқасты.

 

Созақ аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

ҚҰДЫҚ ҚАЗУДЫҢ САУАБЫН АЛАТЫН АДАМ КЕРЕК…

Yassi.kz

БІР ШЕГЕСІН ҚАҚСАҢЫЗ ДА…

Yassi.kz

Арыс: САРЫАҒАШТЫҚТАРДЫҢ СЕПТІГІ (ЕСЕП)

Yassi.kz

Пікір қалдыру