Жаңалықтар Жергілікті

ЖАНТ: Бесеуін білсеңіз болды…

Алла Тағала адам баласына жамандық қаламайды. Шариғат шарт еткен бес парызға амал қылсаңыз, екі дүниеде де бақытты боласыз.

Кәлима – Алла Тағаланың барлығын әрі бірлігін, Пайғамбарымыз Мұхаммед-Мұстафаны с.а.у Елшісі екенін мойындап, куәлік беру; бес уақыт намаз оқып, мінәжат ету; отыз күн ораза тұту; шамаңыз жетсе, зекет беру; жағдайға қарап, қажылықты өтеу – парыз.

Бұл парыздарды орындап жүрген адамдарға Рахман Иеміздің разылығы мен берер жақсылықтары таусылмайды. Раббымыздың мейірімі шексіз.

Кентау қаласының бас имамы Ғалымжан Айекеев Мәдениет сарайының ұжымымен жүздесіп, Абай атамыз айтқандай Алланың хикметін сезінуге шақырды. Ислам дінінің негіздерін баяндайтын бейне-үзік көрсетілді.

Парызды орындамау – күнә. Қателіктер кешірілгенімен, өтелмеген парыздар амал дәптерлерінде қарыз болып сақтала береді.

Десе де, рақымды Раббымыз ниетке қарайды. Кейінге қалдырмай күні бүгін үкілі үмітпен дінге келсеңіз, Алла Тағаланың кешіріміне ілігуіңіз бек мүмкін.


Кентау қалалық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу