Жаңалықтар Жергілікті

ЖАНТ: БӘРІ ҚОРШЫЛЫҚ ЕКЕН…

Абай өзінің бірінші қара сөзінде «Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық – әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік, қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын» деген. “Жасымда ғылым бар деп ескермедім” десе де, хакім уақытының есесін жіберген жоқ.

Жер ортасы жасқа жеткенде Абайдың ақылы кірді деуге келмес. Құнанбайдай әкеден дара туған бір баласы еді, қазақтың.

Көпшілік Абайды Абай еткен Құнанбай десе, бірі заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтың атын атайды. Қалай десек те, артында қалдырған сөз мұрасы ұрпаққа үлгі бір тұлғаның болғаны ақиқат қой.

Хакім жас шағында алысып, жұлысып, айтысып, тартысып береке таппағанын жасырмаған. Иә, шариғат кішкентай баланың да уақытын босқа өткізбеуге бұйырады.

Бала бұзақылықты кімнен үйренеді? Ата-анасы тәрбиелі болса, тәртіпсіздікті телефоннан үйренетін шығар.

Бәлкім, ікәмат ұл мен қыз алысып-жұлысып жатқанда “ақыңды жіберме, аяма” деп қайрайтынымызда болар. Қазіргі балалар әдеби кітаптар оқымайды.

Қазақ тарихын біле бермейді. Отансүйгіштікке тәрбиелесек, балалардың бір-біріне деген бауырмалдығы оянады.

Соғыс жоқ, дұшпан да емес, жасөспірімдер арасында әлімжеттік, бұзақылық жоқ емес. Бабаларымыз бірін-бірін ұрған ұрпақтың ұлтқа жаны ашымастығын айтқан.

“Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос” деп Абай бірлікке бекер шақырмаған. Өмірдің мәні сол, алдымен адамды Жаратқан Алла Тағаланы сүю, одан кейін адамзатты сүю, сосын әділдікті сүю екенін де атап кеткен.

Үш принципті ұстанған адамдар әсте жаман болмайды және еш жамандық көрмейді. Алланы сүйген жан адамдарды бауыр тұтады, әділдік сақтап өмір сүреді.

Ө.Жәнібеков атындағы мектепте өткен жиналыста жақсы адам болу тақырыбы сөз болды. ЖАНТ мүшесі Өмірзақ Арыстанов құқық бұзушылықтың, бос жүрістің, білімсіздіктің Абай айтқандай қоршылық екенін ескертті.

Келес аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу