Жаңалықтар Жергілікті

ЖАНТ: АТА-АНА ЖАУАП БЕРЕДІ

Ата-ананың айтқанын тыңдап қана қоймай, орындау керек. Балаға жамандық тілемейтін жанашырдан жақсы адам жоқ.

Бірақ, ата-аналар ұл мен қызға дұрыс тәрбие берулері керек. Ұстазға қарсы келу, достан кек қайтару, біреудің ақысын жеу, ұрлық, зорлық сықылды және т.б әдепсіздіктер мен күнәлі істерді үйретуге болмайды.

Қазіргі жастардың тәртіпсіздіктеріне қатысты шағым көп. Қоғамдық көлікте орын беруді білмейді, үлкендердің жолын кеседі, сөзін бөледі, дөрекілік танытады.

Ол аз болса ата-анасын қарттар үйіне апарып тастау, ата-енесін сыйламау сияқты сорақылықтар жастардың қолымен жасалып жатыр. Бұның бәріне ұстаздар емес, үйде әдептілікті үйретпеген әке-шешесі кінәлі болады.

Жалпы ата-аналар балаларының имандылығы, тәртібі бәрі үшін жауапты. Ақсукенттегі 47-мектепте ата-аналар жиналысы өтті.

ЖАНТ мүшесі Хаятулла Алиқұлов ұстаздарды құрметтеу, ағымдардан сақтану тақырыптарында насихат айтты. Діннен адаспау үшін мешіттерде имани білім үйрету керектігі ескертілді.

Сайрам аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу