25.2 C
Turkestan
Сенбі / 25 Мамыр 2019 / 20 Рамазан 1440
Таң:
Күн:
Бесін:
Екінті:
Шам:
Құптан:
Сенбі / 25 Мамыр 2019 / 20 Рамазан 1440
Yassi.kz – Діни-танымдық порталы
Жаңалықтар Жергілікті

ЖАНТ: Алғаныңнан не пайда?

Саналы адам білімді болуға міндетті. Алайда қазір мамандық таңдаудан жаңылысып жатқан жастар жетерлік.

Қос-қос дипломын құшақтап, бос жүргендері де, жұмыс таппағандары да бар. Оларды мемлекет бүгінгі таңда сұраныс бар мамандық бойынша қайта даярлаудан өткізіп жатыр.

Жұрттың көбі заңгер, экономист, педагогиканы оқып алды, статистика шамадан тыс екенін көрсетті. Әр мекемеге бір-бір юрист пен есепшіден тисе, зауыт пен фабрикаға маман жетпейтіні айтпаса да түсінікті.

Десе де ақыры қаржы мен уақыт жұмсап білім алғаннан кейін, кәдеге асырмақ керек. Адам қоғамға да, отбасыға да пайдасын тигізе білген жөн.

Алған білімге амал қылу – шариғат шарты. Бұл туралы насихатты Сарыағаштағы “Ақжол” мешітінің имамы Болат Байболов М.Әуезов атындағы мектепте айтты. Жиынға оқушылар мен ата-аналар, қала ақсақалдары қатысты.

Сарыағаш аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

Мешіт салына бастады

Yassi.kz

Насихатқа құлақ асып…

Yassi.kz

Тектілікке де тәжірибе керек

Yassi.kz

Пікір қалдыру