Жаңалықтар Жергілікті

ЖАНТ: АДАМЗАТТЫҢ ҚАС ЖАУЫ

Адамда білім болғанымен тәртіп болмаса, өзіне де, ортасына да қиындық туғызады. Саналының санасызынан жаманы жоқ.

Әлемнің ұстазы Әбу-Насыр Әл-Фараби тәрбиесіз алған білімнің қайырсыз болатынын айтқан. Алла Тағаланың талабы – көркем мінез.

Тәртіпті бала – ата-ананың екі дүниедегі абыройы. Ұл мен қызды дұрыс тәрбиелеу – әке-шешесінің парызы.

Жастарға ескертеріміз әрбір бос өткен уақыттың сұрауы, ал, күнәнің зардабы бар. Жаттығу және т.б. дүниәуи нәрселермен өтіп жатқан соң, уақыттың шығыны білінбес.

Тәулігіне 2 сағатты имандылыққа бөліп, Құран оқып, адами міндеттерді тоқып өссеңіз жаман болмайсыз. Қалған 22 сағатты да мақсатты жұмсаған игі.

Бесқұбыр ауылындағы С.Сейфуллин атындағы орта мектептің 11-сынып оқушыларына арналған тәрбие сағаты өтті. “Қарасақал ата” мешітінің имамы Жүсіпәлі Сапарәлиев тәрбиесіз алған білім адамзаттың қас жауына айналатынын айтты.

Келес аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу