Жаңалықтар Жергілікті

ЖАМАЛ АПАНЫҢ ЖЫЛУЫ ЖЕТКІЗІЛДІ

Зекетті уақытылы төлеп, садақаны сау күнінде беріп парыз мен сүннетті қалтқысыз орындаған Жамал әжейдің бұ дүниеден озғанына да табаны күректей қырық күн өтіпті. Әз ана көзінің тірісінде иманды үмбет тәрбиелеп, әулетін имандылыққа жақын, дінге жанашыр етіп жеткізіп кетті.

Жомарттығымен танылған Жамал апаның жасаған жақсылықтары жұрт аузында жүр. Бүгін марқұмның ұлдары анасының атынан республика бойынша қайырымдылық шарасын өткізді.

Түркістан облысы бойынша Түркістан қаласы мен Жетісай ауданынан тұрмысы төмен 600 отбасыға азық-түлік үлестірілді. Жамал апаның рухына Құран бағышталып, ғибратты ғұмыры насихатталды.

Жаратқан Жаббар Иеміз Жамал апаның алдынан Жарылқасын, рақым Етсін, сауаптан Жазсын!

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікір жазу