18.5 C
Turkestan
Сәрсенбі / 20 Наурыз 2019 / 13 Раджаб 1440
Таң:
Күн:
Бесін:
Екінті:
Шам:
Құптан:
Сәрсенбі / 20 Наурыз 2019 / 13 Раджаб 1440
Yassi.kz – Діни-танымдық порталы
Жаңалықтар Жергілікті

Жамағат әзір…

Көктем шуағын шашып, еліміздің ұлттық мереке айы Наурыз да кіріп келді. Барша жаратылыс жаңарып, қыстың ызғары алыстаған соң, жазғытұры жеткен жетісайлықтар күйбең тіршілікке кірісіп кетті.

Жетісай ауданына қарасты барлық мешіттер мен мазараттарда тазалық жүргізілді. Жер жыртылып, жеміс ағаштары отырғызылды.

Ж.Ералиев ауылдық округі азаматтарының қолдауымен «Айтбай ата» мешіті де күл-қоқыстан тазартылып, қабырғалар сырланды. Игі іске жамағатпен қоса 100-ден астам адам атсалысты.

Көкке ілінгенімізге шүкіршілік етіп, құрбан шалынып, қазан асылды. Мешіт ауласында 150 адамға ас беріліп, диқаншылық пен кәсіптердің берекелі болуына ақсақалдар бата берді.

Жиын соңында мешіт имамы Ержан Құлсариев жиылған жамағатқа «Тазалық- иманнан» тақырыбында насихат айтып, қатысушыларға алғыс білдірді. Жетісайлық жамағат жыл басын қарсы алуға әзірлікті аяқтады.

Жетісай аудандық «Нұғман» мешітінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

Бейбітшілікті бағалай білейік!

Yassi.kz

Ұлыстың татутылықты арттыратын ұлы күні!

Yassi.kz

Ауданаралық Құран жарысы өтті

Yassi.kz

Пікір қалдыру