Жаңалықтар Жергілікті

ЖАҢАЛАП ЖАТЫР…

Мешіттер көз тартарлық сәулетті болуы керек. Сәнін келістіру мешіт маңайындағы жұртқа міндет.

Алла Тағала қасиетті Құранда Өзін ұлықтап, жер бетіндегі үйлеріне қарасатындарды ерекше мақтаған. Сондай-ақ, Алланың үйлерінің жай-күйін түзеу мұсылмандық бір міндет екені баяндалған.

Шүкіршілік, мешіттерге қарайласудың мәнісін түсінетін жанашырлар көбейіп келеді. Әлбетте риясыз шын ықыласпен атсалысқан жандарға жәннат нәсіп болады.

Кемербастау ауылдық мешітін жергілікті жамағат күрделі жөндеуден өткізуде. Есіктеріне шейін жаңалап жатыр.

Мешіт жанынан асхана бой көтеріп келеді. Сондай-ақ, зират басына бастырма да салынды.

Игі істерге ұйытқы болған мешіт имамы Сәбит Әбзелов дінге жанашыр жамағаттарға ризашылығын білдірді. Алла Тағала баршасына разы Болсын, берекесін Берсін!

Түлкібас аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу