Ел іші Жаңалықтар

ЖАҢА ИМАМДЫ ТАНЫСТЫРДЫ…

Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазіреттің бұйрығымен Мұратбек Мұхтарханұлы Қыстаубаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Батыс Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы және облыстық орталық мешіттің бас имамы болып тағайындалды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Наурызбай Тағанұлы мешіт ұжымы мен Ақжайық жамағатына жаңа өкілді таныстырды.

Наурызбай Тағанұлы:

«- Мұратбек Мұхтарханұлы әйгілі «Әл-Азхар» университетін тәмамдаған, діни білімі жоғары. 2013 жылдан бастап Орал орталық мешітінің наиб имамы, Орал медресесінің директорының орынбасары қызметін атқарды. Ендігі кезекте әсем Ақжайықтың рухани өміріне қалтықсыз қызмет етіп, бар біліктілігі мен білімін, ынта-жігерін осы өңірдің діни тұрақтылығын нығайтуға жұмсайды деп сенемін», – деді.

Ал, осыған дейін ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы қызметін атқарған Еркебұлан қажы Қарақұлов ҚМДБ-ның Шымкент қалалық орталық «Halifa al-Nahaian Aqmeshiti»  мешітіне наиб имамы,  Шымкент қаласы, Еңбекші аудандық «Әл-Біләл» мешітінің бас имамы қызметіне ауысты. Оның атқарған қызметіне құрмет көрсетіліп, қазақы салтпен иығына шапан жауып шығарып салды.

Дереккөз: Muftyat.kz

Пікір жазу