Жаңалықтар Жергілікті

ЖҰМА НАМАЗЫН ОҚИТЫН МЕШІТТЕРДЕ…

Күні кеше Сайрам ауданының әкімімен өткен жиналыста ірі мешіттерді дезинфекциялау ұсынылған. Бүгін әкімдіктің тапсырмасымен санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің мамандары бұл істі атқарып жатыр.

Ертең таң намазынан бастап мешіттер ашылады. Бүгін аудандағы Жұма намазы оқылатын 23 мешітте дезинфекциялау жүргізілуде.

Ауданның бас имамы Сейдахмет Темірбек әкім мырзаға ризашылығын білдірді. Ал, жамағаттарды карантин талаптарын сақтауға шақырамыз.

Яки, мешітке үйден дәрет алып келу керек. Дәретханалар жабық болады.

Сондай-ақ, медициналық маска мен қолғап кию талап етіледі. Бұның бәрі санитарлық мамандардың талабына сай ұсынылған сақтық шаралары болғандықтан түсіністікпен қарайық.

Шариғат – тазалықты сүйеді. Тұмауратқан адамдардан өзгелерге жұқтырудан сақтанса игі.

Өйткені мұсылман адам өзгелерге сөзімен де әрекетімен де зиян тигізбейді. Пайғамбарымыз Мұхаммед-Мұстафа с.а.у өз өсиеттерінде осылай деген.

Сайрам аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу