Жаңалықтар Жергілікті

“ЖҰМА НАМАЗЫ ОҚЫЛАДЫ…” ОБЛЫС ИМАМЫ МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ

Түркістан облыстық Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес мешіттер ашылатын болды. Ертеңнен бастап Жұма намазы оқыла бастайды.

Жамағаттардан мешітке үйлерінен дәрет алып, медициналық маска тағып, қолғап киіп келулерін сұранамыз. Карантин режимінің талаптарын сақтау талап етілуде.

Дәрігерлер мешіт дәретханаларын жауып қоюды құп көреді. Сондықтан мешіттерде дәрет алу уақытша мүмкін емес.

Жұма намазына тек облыс, қала, аудан, ауылдық округтердегі жамағат көп жиналатын ірі мешіттер ашылады. Жалпы мешіттерді ашу екі кезеңмен жүзеге асырылады.

Жұма уағызы айтылмайды. Жұма намазын құтпасымен қоса 15 минутта аяқталады.

Намазда 1,5 метр қашықтықта қатарлар сақталуы тиіс. Бес уақыт намаз бен Жұма намаздарында да осы талаптар орындалады.

Имамдар шарттарды қадағалауда қырағылық танытулары керек. Бұл туралы облыс имамы Мұсабек Ақтамберді Түркістан өңірлік коммуникациялар орталығында өтіп жатқан баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікір жазу