Жаңалықтар Жергілікті ЗЕКЕТ

ЗЕКЕТ: ЖЕТІМ-ЖЕСІРГЕ БАСПАНА БЕРІЛДІ

Түркістан қалалық зекет және қайырымдылық бөлімінің ұйымдастыруымен тағы бір жетім-жесірге баспана берілді. Қоныс иесі – Матлюба Нарметова.

Оның үш қызы бар. Жолдасы дүние салған.

Түркістанда үйлі болу оңай емес. Үй болған соң ішін толтыру одан да қиын.

Ал, түркістандық жомарттар қайырын бүтін қылып береді. Осымен 5-үйді салып тек сыйлай салмай, іші-сыртын жөндеп, жиһаз, ыдыс-аяқ, төсеніш, көрпе-төсек, пердеге шейін түгелдеп қояды.

Айта кетейік, “Ел үлесі пәтерге” акциясы аясында берілген 443-баспана, бұл. Үйлер жаңадан салынып, пайдалануға берілді.

Қала имамы Ұлықбек Әлиакбарұлы демеушілерге ризашылығын білдірді. Алла Тағала баршасына разы Болсын, сауаптан Жазсын, берекесін Берсін!

Түркістан қалалық орталық мешіті

Пікір жазу