Жаңалықтар Жергілікті ЗЕКЕТ

ЗЕКЕТ: ЖАРАТҚАННЫҢ ЖОЛЫНДА ЖҰМСАЛДЫ…

Жаратқан Жаббар Иеміз берген берекесін разылығы жолында жұмсауға әмір еткен. Яки, не садақа етсеңіз де ең алдымен Рахманның разылығы үшін, бүтін әрі тәуірін беру керек.

Алла Тағала қасиетті Құранда: “… тиісті орынға бір нәрсе жұмсасаңдар, сонда Алла тағы есесін береді”- деген. Сондай-ақ, Алланың беретініне нық сенуге бұйырылғанбыз.

Пайғамбарымыз Мұхаммед-Мұстафа с.а.у үмбетін жомарт болып, жұртқа жақсылық жасаудан жалықпауға шақырған. Жетім-жесір мен кедей-кепшікке көмектесудің сауабы мол.

Ал, зекет – садақаға жатпайды. Десе де қайырлы әрі берекелі парыз амал екенін ұмытпайық.

Шардарада 100 мың теңге зекет 10 отбасыға бөлініп берілді. Аудан имамы Марат Асанов зекет төлеген азаматтарға алғыс айтты.

 

Шардара аудандық орталық мешіті

Пікір жазу