Жаңалықтар Жергілікті ЗЕКЕТ

ЗЕКЕТ: ҚЫМБАТ БОЛСА ДА…

Жуырда қатты отын бағасы қызу талқыға түсті. Құзырлы министрліктегілер көмір ақысы қымбат емес екенін айтты.

Ал, арадағы делдалдар мен алып сатарлардың пысықайлығынан 20 мың теңгеден асып кететінін білдік. Ақиқаты Алла Тағала аян.

Десек те, шариғаттың мына ескертуін қаперге ілейік. Адамдарға өте қажетті заттардың (нан, су, ет, жарық, газ, көмір және т.б) бағасын бейберекет өсіруге болмайды.

Жалпы қолдан жасалатын қымбатшылық, негізсіз салық, проценттен түсетін ақшаның бәрі өсім боп саналады. Ал, өсім – арам ақша, иесі үшін – ауыр күнә.

Әйтеуір, қол қайыры мол азаматтардың жәрдемімен жоқ-жітіктерге көмір жетеді. Шорнақ ауылы “Дербіс әлі” мешітінің имамы Нұрмұхамбет Қадырбековтың ұйымдастыруымен осындай қайырымдылық өтті.

4 мұқтаж отбасыға 10 қаптан көмір түсірілді. Алла Тағала көмек берген жандарға разы болсын!

Кентау қалалық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу