Жаңалықтар Жергілікті ЗЕКЕТ

ЗЕКЕТ: ҚЫМБАТ БОЛСА ДА…

Адамдарға аса қажетті заттардың бағасын көтеруге болмайды. Шариғат қымбатшылықты өсім қатарына жатқызады.

Ал, өсім, ретсіз салық адал ақшаға жатпайды. Қыс ауасында отынды қымбаттату пайдакүнемнің тірлігі.

Мешіттерге келіп көмір сұрайтын жұртқа қайырымдылық қоры емес екенімізді айтамыз. Қыстың көзі қырауда жылусыз тұрған мешіт өзімізде де жетерлік…

Келес ауданында көмірдің тоннасы 22 500 теңге болып тұр. “Шмадияр” мешітінің имамы Сапарбек Нәлібаевтың ұйымдастыруымен 10 отбасыға көмір жеткізілді.

Сауапты іске жергілікті кәсіпкер Пердебай Шмадиярұлы демеушілік етті. Алла Тағала кәсібіне берекесін берсін!

Келес аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу