Жаңалықтар Жергілікті ЗЕКЕТ

ЗЕКЕТ: ТІРІДЕЙ ТАРАТЫП БЕРДІ…

Ел аузында “есің кетсе ешкі жи, ешкі жиып, есің жи” деген мәтел бар. Ешкі өсірген көл-көсір берекеге кенеледі.

Ешкінің сүті – ана сүтімен пара-пар. Емізулі балаға ешкінің сүті жеңіл сіңімді болғандықтан береді.

Сүті де, түбіті де, еті де пайдалы, егізден көбейгіш мал өзі. Сондықтан болса керек “есің кетсе ешкі өсір, өнімі оның көл-көсір” дейтіні.

Қасиетті Құранда Алла Тағала: “Намаз оқыңдар, зекет беріңдер” деп бұйырады. Сондай-ақ, ізгі мұсылмандарды “олар намаз оқиды, зекет береді” деп сипаттайды.

Зекет ақшасы – мал-мүлікті кемітпейді. Алла Тағала адамдар ризық-несібенің ақысын берген сайын, берекесін арттырады.

Зекет – ақшалай да, заттай да, өнім мен малмен төленеді. Зекетшілер зекет мөлшерін есептеп береді.

Дербісек ауылында Ералы Олжабаевтың насихат жұмыстарының нәтижесінде зекет парызын өтеушілердің қатары артып келеді. Зекетті бөле-жарғаннан бір пақырдың жағдайын түзеу үшін басы бүтін берілгені құптарлық.

Мақсат Бабековтың малынан 13 ешкі, 1 қой зекетке төленді. Ешкілер мал басы ретінде тұрмысы төмен отбасыларға үлестірілді.

Алла Тағала кәсіпкерге разы Болсын, зекетін қабыл Етсін, кәсібіне берекесін Берсін!

Сарыағаш аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу