Жаңалықтар Жергілікті ЗЕКЕТ

ЗЕКЕТ: ШӘКІРТТЕРГЕ БЕРІЛДІ…

Елімізге қарилар көптеп қажет-ақ. Құран жаттау – екі дүниелік сауапты ілім.

Алла Тағала қасиетті Құранда зекет төлемін 8 санаттағы адамдарға беруді бұйырған. Соның бірі дін жолындағы қызметкерлер мен медресе шәкірттері.

Хақ Тағала дінге жәрдем беруді ескерткен. Алланың дініне дем бергендердің ешбірі жамандық көрген емес.

Құран оқылатын жерге Рахманның нұры жауып тұрады. Ал, қарилар Құранға амал қылып өмір сүрсе Жаратқанның жарылқауында болады.

Ал, зекет – парыз ақысы. Алла Тағала мал-мүлікті зекет пен садақа арқылы қорғауға шақырған.

“Арыстан баба” мешітінің қари шәкірттеріне отырарлық бір кәсіпкер 100 мың теңге таратты. Бұл 4 млн теңге табыстың зекеті.

Игі іске ұйытқы болған “Жанәділ ата” мешітінің молдасы Қалдыбай Жүсіпов Әлфараби Тілеуовке ризашылығын білдірді. Алла Тағала қабыл Етсін, қайырын Берсін!

Отырар аудандық орталық мешіті

Пікір жазу