Жаңалықтар Жергілікті ЗЕКЕТ

ЗЕКЕТ: СӘБИЛЕРГЕ СЫЙЛАДЫ…

ҚМДБ “Зекет” қорының “Сәбилерге үміт сыйла” акциясының аясында балаларға базарлық берілді. Төлеби, Қазығұрт, Сайрам, Ордабасы ауданында тұратын тұрмысы төмен 125 отбасыға шарапаты тиді.

Шамамен 375 ұл мен қызға киім-кешек әперілді. Әр отбасыға 40 мың теңгеден жұмсалды.

Зекет жетекшілері ата-ана мен балалардың дүкендерге апарып, ұнатқанын алып берді. Игі іс Қазақстандағы Кувейт елшілігі дүниежүзілік “Ислам” қайырымдылық қорының қолдауымен атқарылды.

Түркістан облысы бойынша зекет өкілі Еркін Полатов Кувейт елшілігі мен қор басшыларына ризашылығын білдірді. Алла Тағала баршасына разы Болсын, қайырын Берсін!

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікір жазу