Жаңалықтар Жергілікті

ЗЕКЕТ: ҮЙ ИЕСІ ҰЯЛМАСЫН ДЕП…

Ораза айт – мұсылмандар үшін ұлы мейрамның бірі. Отыз күн оразаны аман-есен атқарған жұрт шүкіршілік етіп тойлайды.

Бұл мерекеде дайындықсыз отыруға болмайды. Әр ел өзінше атап өтеді.

Мұсылманшылықта Құрбан айт пен Ораза айтынан басқа мереке жоқ. Сондықтан мұсылмандар ерекше күтеді әрі өткізеді.

Атам заманнан бізде де бұл үрдіс үзілген емес. Ілгеріректе айт күндері әр үйде дастархан жайылып көрші-көлем, ағайын-туыс айттайтын.

Ал, қазір арнайы шақырмасаңыз, айттап келмейтін жұрт жетерлік. Ал, тойдың болғанынан боладысы қызық емес пе?

Әркім барымен базарлатады десек те, бәрібір келгенше кісі, келгеннен соң үй иесі ұялатын әдет қалмайды.

Облыстық зекет бөлімінің ұйымдастыруымен “Тайқазан” акциясының аясында қайырымдылық шарасы өтті. Пітір садақасының есебінен 55 отбасыға айттық мәзір таратылды.

Атап айтсақ, құрма, бауырсақ, ет, палау, кәмпит, шоколад, печенье, кондитерлік өнімдер, күлше нан, балмұздақ және т.б заттар үлестірілді. Зекет өкілі Еркін Полатов сый алған отбасы мүшелерін Ораза айтымен құттықтады.

Алла Тағала демеушілік еткен азаматтарға разы Болсын, берекесін Берсін! Ораза қабыл, айт құтты болсын!

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікір жазу