Жаңалықтар Жергілікті ЗЕКЕТ

ЗЕКЕТ: Ішіп-жей бермей…

Арпа-бидай ас екен деп ішіп-жеп, алтын-күміс тас екен сақтап жия бермей, Алланың бұйыртқан ризығын қақысын өтеуді ұмытпау керек. Яғни, әр алмақтың салмағына, зекет ақысын төлеуге тиіспіз.

Алла Тағала қасиетті Құранда: “Ей, мүміндер! Табыстарыңның және жерден шығарған нәрселеріміздің жақсыларын тиісті орынға жұмсаңдар” – деген аяты, зекеттің парыз етілгенінің дәлелі және нұсқауы. Демек, жерден өсіп шыққан өнімнен тиісті бөлігін зекетке төлеу – парыз.

“Ордабасы нан” ЖШС-нің директоры Б.Сапарымбетов зекетін ұнмен өтеді. Қайнар ауылында тұратын тұрмысы төмен 70 отбасыға қап-қап ұн үлестірілді.

Ордабасы аудандықорталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу