Жаңалықтар Жергілікті

ЗЕКЕТ: ИМАМ ҮЙЛІ БОЛДЫ…

Алла Тағала қасиетті Құранда дін мен дін қызметкерлеріне жәрдемдесуге бұйырған. Имамдардың көбісінің әлеуметтік мәселелері шешілмеген.

Алланың үйі мен дін қызметкерлерінің жай-күйіне алаңдайтындар аз, тілдейтіндер көп боп тұр. Айлықсыз, үй-жайсыз дінге қызмет етіп жүрген имамдар жетерлік.

Шүкіршілік, әйтеуір ел ішінде оларға жаны ашитындар да жоқтан бар. Жетісайдың сондай игі жақсыларының жомарттығымен “Нұр-Жетісай” мешітінің наиб имамы үйлі болды.

Облыс имамы Еркебұлан Қарақұлов қоныс иесі Бақберген Нұрымбетовке жаңа баспананың кілтін табыстады. Демеушілерге ризашылығын білдірді.

Бұл “Ел үлесі – пәтерге” акциясымен берілген 440-баспана. Алла Тағала мұқтаждарға көмек беріп жүрген азаматтардың баршасына разы Болсын, қайыры мен берекесін Берсін!

Жетісай аудандық орталық мешіті

Пікір жазу