Жаңалықтар Жергілікті ЗЕКЕТ

ЗЕКЕТ: ДӘРІС ТЫҢДАЙЫҚ

Зекет беру – парыз. Зекет ақысын төлемейтін жандардың мал-мүлкі шығынға ұшырайды.

Қандай да бір парыз амалынан қарыздар болмауға тырысу керек. Зекет жан мен тән, төрт түлік пен мүліктің ақысы болғандықтан Алла Тағалаға тиесілісін берген жан береке табады.

Хақ Тағала адамзаттың ешбір амалы мен дүниесіне мұқтаж емес. Сол сияқты зекет те Жаббар Иеміз байларға өтеуге бұйырған парызы.

Облыстық зекет бөлімінің ұйымдастыруымен әлеуметтік желі беттерінде зекет дәрістері өткізіліп жатыр. Фейсбуктағы Зекет-Түркістан парақшасынан тамашалай аласыздар.

Зекеттің пайдалары мен хикметтері, үкімі, парыздығының дәлелі, өтемегендердің ақыреттік азабы, алты шарты, ақшаның, алтын-күмістің, сауда тауарларының, қазба байлықтарының зекеті және т.б тақырыптарда насихат айтылып жатыр. Онлайн дәрістерді аудандық жетекшілер мен имамдар жүргізеді.

Бәйдібек, Ордабасы, Сайрам ауданының кәсіпкерлері мен шаруашылық иелерімен кездесулер өткізіледі. Облыстық зекет жетекшісі Еркін Полатов зекет дәрістерін тыңдауға шақырады.

Ер мен әйелге – білім парыз. Шариғаттан білгеніңіз артықтық етпейтін ілім.

Алла Тағала баршаңызға разы Болсын, берекесін Берсін!

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікір жазу