22.5 C
Turkestan
Сенбі / 25 Мамыр 2019 / 20 Рамазан 1440
Таң:
Күн:
Бесін:
Екінті:
Шам:
Құптан:
Сенбі / 25 Мамыр 2019 / 20 Рамазан 1440
Yassi.kz – Діни-танымдық порталы
Жаңалықтар Жергілікті

Зекет бер, берекең мен ырысың молайсын!

Зекет – Алла Тағаланың сіз бен бізге берген мал-мүліктің, дүние-байлықтың, тапқан табыстың ақысын төлеуге жататын парыз. Парызды орындамауға болмайды.

Зекет төлеу парыз болса-дағы, Алла Тағала зекеттің қарымын сауаппен де, мол ризықпен де қайтарады. Кім зекетін бермесе, соның амал дəптеріне қарыз болып жазыла береді жəне қияметтен бұрын қабірде де сұрауы өте қатты болады. Бұл ақиқат.

Зекет бермеудің жазасы қандай?

Пайғамбарымыз с.а.у зекет бермеудің ауыр күнә екендігін баса айтып, одан өзінің үмметін қатты сақтандырған. Зекеті берілмеген мал-мүлік Қиямет күні өзінің иесін азаптап, қинайды екен.

Мына хадиске назар аударыңыз:

عَنْ جَابِرٍ بْنِ عَبْدِ اللهِ الأَنْصَارِيِّ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يقول: »مَا مِنْ صَاحِبِ إبِلٍ لَا يَفْعَلُ فِيهَا حَقَّهَا إلَّا جَاءَتْ يَوْمَ الْقِيَامَةِ أَكْثَرَ مَا كَانَتْ وَقَعَدَ لَهَا بِقَاعٍ قَرْقَرٍ تَسْتَنُّ عَلَيْهِ بِقَوَائِمِهَا وَأَخْفَافِهَا، وَلَا صَاحِبِ بَقَرٍ لَا يَفْعَلُ فِيهَا حَقَّهَا إلَّا جَاءَتْ يَوْمَ الْقِيَامَةِ أَكْثَرَ مَا كَانَ وَقَعَدَ لَهَا بِقَاعٍ قَرْقَرٍ تَنْطَحُهُ بِقُرُونِهَا وَتَطَؤُهُ بِأَظْلَافِهَا لَيْسَ فِيهَا جَمَّاءُ وَلَا مُنْكَسِرٌ قَرْنُهَا، وَلَا صَاحِبُ كَنْزٍ لَا يَفْعَلُ فِيهِ حَقَّهُ إلَّا جَاءَ كَنْزُهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ شُجَاعًا أَقْرَعَ يَتْبَعُهُ فَاتِحًا فَاهُ فَإِذَا أَتَاهُ فَرَّ مِنْهُ فَيُنَادِيهِ: خُذْ كَنْزَك الَّذِي خَبَّأْتَهُ فَأَنَا عَنْهُ غَنِيٌّ، فَإِذَا رَأَى أَنْ لَا بُدَّ لَهُ مِنْهُ سَلَكَ: أَيْ أَدْخَلَ يَدَهُ فِي فِيهِ فَيَقْضِمَهَا قَضْمَ الْفَحْلِ«. رَوَاهُ مُسْلِمٌ. Жәбірден (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Қандай да бір түйелердің иесі (сол түйелерінің) ақысын – зекетін бермесе ол кең, тақыр далада етбетімен жатқызылады да, өзі білетін түйелерінің саны бұрынғыдан әлденеше есе молайып, оның үстінен тұяқтарымен, аяқтарымен таптап өтеді. Қандай да бір сиырдың иесі (сол сиырларының) ақысын – зекетін бермесе, ол кең, тақыр далада етбетімен жатқызылады да, өзі білетін сиырларының саны бұрынғыдан бірнеше есе молайып, оны мүйіздерімен сүзгілеп, тұяқтарымен таптап өтеді. Сонда олардың арасында тоқалы, мүйізі сынғаны болмайды. Қандай да бір қазынаның (алтын-күмістің) иесі оның зекетін бермесе, Қиямет күні ол қазынасы басы жылтыр үлкен аждаһа жылан түрінде келіп, аузын ашып оның қыр соңынан қалмай қуады. Жылан жақындап келгенде ол қашады. Сол кезде: «Осыған дейін тығып келген қазынаңды ал! Мен (Алла) оған мұқтаж емеспін!»- деген дауыс естіледі. Ақырында қашып құтылмасын білген соң ол қолын аждаһаның аузына салады. Сол кезде ол оны бураның шайнағаны сияқты шайнап тастайды

Мүслім риуаят еткен.
عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: »أَوَّلُ ثَلَاثَةٍ يَدْخُلُونَ النَّارَ فَأَمِيرٌ مُسَلَّطٌ وَذُو ثَرْوَةٍ مِنْ مَالٍ لَا يُؤَدِّي حَقَّ اللَّهِ فِي مَالِهِ وَفَقِيرٌ فَخُورٌ«. رَوَاهُ ابْنُ حِبَّان. Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Тозаққа бірінші түсетін үш адам: шектен шыққан қатыгез әмірші, малынан Алланың хақысы – зекетті өтемейтін мал-мүлік иесі және мақтаншақ, кердең кедей».

Ибн Хиббан риуаят еткен.
وَعَنْ ابْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ الله
ُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: »أُمِرْنَا بِإِقَامِ الصَّلَاةِ وَإِيتَاءِ الزَّكَاةِ وَمَنْ لَمْ يُزَكِّ فَلَا صَلَاةَ لَهُ«. رَوَاهُ الطَّبَرَانِيُّ

Абдулла ибн Масғұд (р.а.) жеткізген хадисте Алланың елшісі (с.а.у.): «Намаз оқуға, зекет беруге бұйырылдық. Сондықтан кім зекетін өтемесе, оның намазы қабыл болмайды», – деген. Табарани риуаят еткен. “Малынан зекет бермеген адамның жазасы, міне, осындай. Алладан қорықпай, Оның және Оның пенделерінің хағына бей-жай қарайтын ең ауыр қылмысты шімірікпей істейтін адасушы ғана осыншалықты дәрежедегі күнәға батады”.

Құранда Алла Тағала парыз еткен зекетті төлеген адам екі дүниеде де сыйға кенеледі. Шариғат шамасы жетпегенге зекетті де, садақаны да міндетті етпеген.

Кімнің шариғат межелеген мөлшерден жоғары байлығы, ақшасы, табысы, мүлкі, малы болса, соның пайдасынан бір бөлігін төлеуге міндетті болады. Бүгін Түркістан облыстық мешітінде “Зекет бер, берекең мен ырысың молайсын!” тақырыбында уағыз айтылды. ҚМДБ “Зекет” қорының Түркістан облысындағы өкілі Еркін Полатов жамағатқа бүге-шүгесіне шейін айттып берді.

Зекет жайлы барлық сұрақтарға мешіт имамдары мен зекет мамандарынан жауап алуға болады. Сайтымызда да зекет турасында материалдар жарияланады.

Түркістан облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

Бәрі ораза…

Yassi.kz

Мешіт салына бастады

Yassi.kz

Насихатқа құлақ асып…

Yassi.kz

Пікір қалдыру