Жаңалықтар Жергілікті

ЗЕКЕТ: БАСПАНАЛЫ БОЛАДЫ

Зекет – мақсатты жұмсалатын төлем. Зекет арқылы бір пақырдың жағдайын түзеуге болады.

Яғни, кедейді таршылықтан шығаруға бағыттаудың қайыры мол. Зекет парызын уақытылы өтеген адамның өзі де кедей болмайды, ешқандай шығынға ұшырамайды.

Қазір зекет қаржысын мақсатты жұмсау жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде қаншама шын мұқтаж отбасылар үйлі-жайлы болды.

Кентау қалалық орталық мешітінің күзетшісі де баспаналы болады. Қалалық зекет бөлімінің ұйымдастыруымен демеушілер мен жамағаттар келісіп, осындай шешімге тоқтады.

Жаңа үйді асарлатып салып жатыр. Алла Тағала үлес қосып жүрген азаматтарға разы Болсын!

Кентау қалалық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу