Жаңалықтар Жергілікті ЗЕКЕТ

ЗЕКЕТ: АЗЫҚ-ТҮЛІК ПЕН КІЛЕМ БЕРІЛДІ

Облыста мешіт көмегіне кезекте тұратын отбасылардың тізімін тиімділеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Жамағаттардың аманаты шын мұқтаждарға жетуі үшін бұл іс қолға алынды.

ҚМДБ бастамасымен түрлі қайырымдылық жобалары жүзеге асырылуда. Соның бірі “Тайқазан” акциясы.

Мақтаарал ауданында игі іс жалғасын тапты. 25 отбасыға азық-түлік пен кілем тарту етілді.

Облыс имамы Еркебұлан Қарақұлов қайырымдылыққа қолы жеткен жандарға қайыр тіледі. Облыс бойынша зекет өкілі Еркін Полатов зекет пен садақаның мақсатты жұмсалатынын айтты.

Аудан имамы Мансұр Аймұхаммедов демеушілерге ризашылығын білдірді. Алла Тағала баршасына разы Болсын, берекесін Берсін!

Мақтаарал аудандық орталық мешіті

Пікір жазу